ЕЭК-те пандемияға байланысты бәсекелестік жөніндегі істер тоқтатыла тұрады

ЕЭК-те пандемияға байланысты бәсекелестік жөніндегі істер тоқтатыла тұрады

Қазіргі әлем коронавирустық инфекцияның пандемиясымен қамтылған, бұл іс жүзінде барлық қызмет салаларына, оның ішінде монополияға қарсы реттеу саласына көптеген өзгерістер енгізуге әкелді.

ЕАЭО мемлекеттерінің трансшекаралық нарықтарындағы бәсекелестіктің жалпы қағидаларының бұзылуы туралы істерді қарау жөніндегі комиссияның отырыстары қаралатын құжаттардың құпиялылығына байланысты көзбе-көз форматта өтуге тиіс.

Пандемия жағдайында жеке тұлғалардың жүріп-тұруы бойынша шектеулерге байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілер істі қарауға жеке қатысу және өз құқықтарын қорғау мүмкіндігінен айырылды.

Қазақстан тарапының бастамасы бойынша ағымдағы жылғы 3 қарашада ЕАЭО құқығына істі қарауды тоқтата тұру мүмкіндігі енгізілді.

Енді енгізілген шектеу шараларына байланысты істерді қарауға қатысу мүмкін болмаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъектілер ЕЭК-ке тиісті хат жолдап, істерді тоқтата алады.

Қазақстанның ұсынысы бойынша қазіргі уақытта ЕЭК-те бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзу нәтижесінде зардап шеккен субъектіге залалды өтеу мүмкіндігін анықтау бөлігінде ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу мәселесі талқылануда.