
ҚР Сауда және интеграграция министрі Арман Шаққалиев бастаған ведомства қызметкерлері, министрлікке бағынысты ұйым басшылары мен қызметкерлері 25 сәуірде өткен «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілікке қатысты.
Акцияға 200-ге жуық қызметкер ат салысты. Министрлік өкілдері Түркістан көшесінің Орынбор және Сығанақ көшелерімен қиылысар аралығына дейінгі белгіленген орынның қоқысын тазалады.
«Таза Қазақстан» - бұл әр азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігі. Тазалық – әрқайсысымыз үшін міндетті норма болуы қажет. Сондай-ақ өзіміз өмір сүріп отырған қаланың таза әрі жайлы болуы өзімізге байланысты», - деді ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев.
#TazaQazaqstan