Сауда министрлігі электрондық коммерция саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер сауалнамасын бастады

Сауда министрлігі электрондық коммерция саласында жұмыс жасайтын кәсіпкерлер сауалнамасын бастады

Сауалнаманың мақсаты - электронды сауда саласындағы бизнесті қолдау бағыттарын анықтау, электронды сауда субъектілері туралы ақпаратты жаңарту және кері байланыс арналарын құру.

 

Сауалнама барысында біз келесі нәтижелерді көздейміз:

 

  • электрондық коммерция саласындағы кәсіпкерлер мен бизнеске қолдау көрсетуге болатын негізгі бағыттарды анықтау;
  • электрондық коммерцияға қатысушылардың сандық сауаттылық деңгейін арттыру;
  • электрондық коммерция нарығына қатысушылардың мәліметтер базасын жаңарту;
  • қатысушыларды электронды сауда саласын өзара әрекеттесу мен дамытудың бірыңғай алаңына біріктіру;
  • бизнес пен мемлекеттік сектордың өзара әрекеттесуінің қажетті және тиімді тетіктерін әзірлеу.

 

Сауалнама уақыты 7-10 минут

 

Онлайн режимінде қызмет көрсететін және тауарларды сататын немесе Интернетке қосылғысы келетін өкілдер мен қатысушылар шақырылады.

 САУАЛНАМАНЫ өту үшін сілтеме

 

 

Сауда министрлігінің Баспасөз қызметі