Жария талқылау туралы

Жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Оқу орталықтарына қойылатын талаптарды, оларды мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі деректерінің тізіліміне енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 31 мамырдағы № 377-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығының жобасын жария талқылаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Бұйрықтың жобасы Техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын оқу орталықтарына қойылатын талаптарды жетілдіру, сондай-ақ оларды техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің деректер тізіліміне енгізу рәсімдерінің ашықтығын арттыру мақсатында әзірленді.

Бұйрық жобасында мынадай негізгі өзгерістер көзделеді:

- сәйкестікті растау объектісіне (міндетті және ерікті) байланысты белгіленген жұмыс өтілі бар жұмыс істеп тұрған сарапшы-аудиторлардың болуын қоса алғанда, оқу орталықтарының оқытушылар құрамына қойылатын талаптардың аражігін ажырату;

- уәкілетті органның өтінімдерді қарау мерзімдерін қысқарту және нақтылау;

- ұсынылған құжаттар толық болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда бас тарту рәсімдерін белгілеу;

- кәсіптік және әдістемелік құзыреттерді және комиссияның шешім қабылдау тәртібін бағалай отырып, оқу жоспарларын жария қорғау тетігін нақтылау және өтініш берушілерді хабардар ету.

Бұйрық жобасын қабылдау техникалық реттеу саласындағы мамандарды даярлау сапасын арттыруға, сондай-ақ оқу орталықтарын тиісті тізілімге енгізу рәсімдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұйрық жобасын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында  02.04.2026 ж. дейін жүргізіледі.

Министрлік мүдделі тараптарды нормативтік құқықтық актінің жобасын талқылауға қатысуға шақырады.

Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15788691