Сауда министрі Наурыз мерекесінде бүлдіршіннің тұсауын кесті

Сауда министрі Наурыз мерекесінде бүлдіршіннің тұсауын кесті

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ведомствода тойланған Наурыз мерекесі қарсаңында бүлдіршіннің тұсауын кесті. Министр бүлдіршінге ақ жол тілеп, күрмеуін шешті. Ұлттық дәстүрді жаңғыртқан бұл шара жас ұрпаққа деген құрмет пен ақ тілектің белгісіне айналды.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өтті. Көктемгі жаңару мен береке мерекесі министрлік ұжымының басын қосып, ұлттық дәстүрлерді ұлықтауға мүмкіндік берді.

Мерекелік шараға министрлік қызметкерлері қатысып, көктем мен жаңару мерекесін бірге қарсы алды. Іс-шара ясында киіз үй тігіліп, ұлттық тағамға толы дастархан жайылды.

Наурыз құтты болсын!