
2023 жылы Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында қызметтер саудасы және инвестициялар саласы бойынша еркін сауда туралы келісім жасасу жөнінде келіссөздер басталды.
Бұл келісім халықаралық сауда жүйесінде кеңінен қолданылатын стандартты құжаттардың бірі болып табылады және қызметтер саудасын ырықтандыруға, сондай-ақ инвестициялар үшін тұрақты әрі болжамды құқықтық жағдай қалыптастыруға бағытталған.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы қызметтер саудасы және инвестициялар туралы келісімге қол қою туралы» Жарлығының жобасы ресми интернет-ресурда және «Ашық НҚА» интернет-порталында жарияланғанын хабарлайды.
Аталған жоба бойынша қоғамдық талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында 2026 жылғы 20 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15790310