
Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары аясында ағымдағы жылғы 17 наурызда «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» тақырыбында семинар өтті.
Аталған семинарға Министрлікке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілер қатысты. Сонымен қатар аумақтық бөлімшелердің қызметкерлері онлайн форматта қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Семинар барысында қатысушыларға мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, ресми құжаттарды мемлекеттік тілде дұрыс және сауатты ресімдеу қағидаттары түсіндірілді. Сондай-ақ құжаттарды әзірлеу кезінде жиі кездесетін қателіктерге тоқталып, оларды болдырмау жолдары бойынша нақты мысалдар келтірілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға әдістемелік көмек көрсетіліп, практикалық тапсырмалар берілді. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Аталған семинар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға, оны іс жүргізуде кеңінен қолдануға және қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталды.