
Іс-шара барысында адалдық, әділдік, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарына негізделген қызметтік мінез-құлық стандарттары түсіндірілді. Азаматтармен және әріптестермен кәсіби қарым-қатынас жасау, іскерлік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік органдар қызметінде клиентке бағдарлану мәселелері қарастырылды.
Қатысушыларға мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу тетіктері, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу талаптары, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті сақтау және ұтымды пайдалану қағидалары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жасау және қаржылық бақылау тетіктері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар еңбек тәртібін сақтау, құмар ойындарға қатысуға тыйым салу, қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де масаң күйде болуға жол бермеу, мемлекеттік қызметтің зайырлы сипатын қамтамасыз ету және кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермеу талаптары атап өтілді.
Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің жеке жауапкершілігін арттыру, Әдеп кодексінің нормаларын мүлтіксіз сақтау және қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайту қажеттілігі ерекше атап өтілді.