Өскемендегі жәрмеңкеде 15 тонна өнім сатылды

Өскемендегі жәрмеңкеде 15 тонна өнім сатылды

Өскемен каласындағы жәрмеңке «Алтай» көтерме-тарату орталығында өтті.

Іс-шара барысында тұрғындарға сиыр еті, қой еті, жылқы еті және шошқа еті секілді ет өнімдері кең ассортиментте ұсынылды. Жалпы сатылған өнім көлемі шамамен 15 тоннаны құрады. Өнімдер нарықтық бағамен, орташа есеппен бір килограмы 3300–3800 теңге аралығында сатылды.

Сонымен қатар тұрғындарға сүт өнімдері, жұмыртқа және бал өнімдері кең таңдауда ұсынылды.