
Ақтауда «Көтерме сауда базары» аумағында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті. Іс-шараға 97 кәсіпкер қатысып, тұрғындарға азық-түлік өнімдерінің кең ассортиментін ұсынды. Жәрмеңкеге тұрақтандыру қорынан 2 тонна картоп шығарылды.
Жәрмеңкеде ұсынылған негізгі өнімдердің бағалары: картоп – 195–210 тг/кг, сәбіз – 190 тг/кг, пияз – 150 тг/кг, қырыққабат – 190 тг/кг, қарақұмық – 300 тг/кг, күріш – 350 тг/кг, қант – 425 тг/кг, сұйық май – 930 тг/л, ас тұзы – 110 тг, жұмыртқа – 500–550 тг (10 дана), сиыр еті – 3500–3700 тг/кг.