
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптап жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі бұйрығы жобасының (бұдан әрі – Бұйрық жобасы) ресми интернет-ресурста және «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Бұйрық жобасы «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 10-3) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган Экспорттық-кредиттік агенттік үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтер қалыптастыру және олар бойынша актуарлық есеп-қисаптар жүргізу қағидаларын әзірлейді және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді және осыған сәйкес әзірленді.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 160-НҚ бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру, сондай-ақ резервтерді қалыптастыру және олар бойынша Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі үшін актуарлық есеп-қисаптапж жүргізу қағидаларын жетілдіру және сәйкес келтіру мақсатында редакциялық түзетулерді қоса алғанда, бірқатар түзетулер енгізу болып табылады.
Жоба 05.02.2026 ж. бастап 20.02.2026 ж. дейін «Ашық НҚА» интернет-порталында талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15756949 ).