
2026 жылғы 22 қаңтарда әдеп жөніндегі уәкіл мен заң департаменті бірлесіп қызметтік әдепті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау және мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігі мәселелеріне арналған оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің, сондай-ақ әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормаларының негізгі ережелері қаралды.
Мүдделер қақтығысының алдын алу, бақылау функцияларын жүзеге асыру кезіндегі әрекеттердің ашықтығы, сыйлықтар мен өзге де заңсыз артықшылықтарды қабылдауға жол бермеу, сондай-ақ қызметтік және қызметтен тыс уақытта мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптарға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілерді деструктивті діни ағымдардың қызметіне тартуға жол бермеу, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару барысында әріптестерге және өзге де тұлғаларға діни көзқарастарды мәжбүрлеп таңуға жол берілмейтіні түсіндірілді.
Іс-шара қорытындысы бойынша әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігінің, әдеп нормалары мен адалдық қағидаттарын сақтаудың қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтудың негізгі шарты екені атап өтілді.
Семинар қорытындысында қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салу талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік немесе өзге де масайтатын заттардың әсерінде болуына жол берілмейтініне ерекше назар аударылды.