
ЕАЭО шеңберінде ұлттық ережелер бойынша медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды. Бұған дейін мұндай мүмкіндік 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзіммен шектелген, ал 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО ережелері бойынша медициналық бұйымдарды тіркеуге толығымен көшу жоспарланған болатын.
ЕАЭО шеңберінде медициналық бұйымдар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы тиісті хаттамаға 2025 жылғы 29 желтоқсанда қол қойылды.
Қабылданған түзетулерге сәйкес, 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін өндірушілер мен жеткізушілер медициналық бұйымдарды ЕАЭО ережелері бойынша да, мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес те тіркей алады.
Бұл әсіресе ЕАЭО-ның жалпы нарығының талаптарына бейімделудегі отандық өндірушілер мен импорттаушылар үшін өте маңызды.
Қазақстандық бизнес үшін өтпелі кезеңді ұзарту медициналық бұйымдарды нарыққа шығару кезінде икемділікті сақтауды, реттеушілік тәуекелдерді азайтуды және тіркеу қағидаларын ауыстырумен байланысты іркіліссіз жеткізуді жоспарлау мүмкіндігін білдіреді. Сондай-ақ, бұл ЕАЭО ережелері бойынша медициналық бұйымдарды тіркеуге кезең-кезеңмен көшуді қамтамасыз етеді.
Тұтынушылар үшін бұл шешім нарықта медициналық өнімдердің тұрақты ассортиментін сақтауға көмектеседі.
Сондай-ақ, осы Келісімде ЕАЭО шеңберінде тіркелуге жатпайтын медициналық бұйымдардың тізбесі мынадай позициялармен толықтырылуда:
Тіркеуге жатпайтын медициналық бұйымдар тізбесін толықтыру жөніндегі тиісті Хаттама Беларусь Республикасында қол қойылуда.