
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 935 «Өлшеу құралдарын тексерушілердің сертификаттарын аттестаттау, қайта аттестаттау және қайтарып алу қағидаларын, сондай-ақ оларға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің бұйрығының жобасын қоғамдық талқылауға ұсынады.
Бұйрық жобасы «Өлшеулердің біркелкілігін қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-2-бабының 9) тармақшасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2024 жылғы 20 мамырдағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді цифрлық құжаттар мен мемлекеттік процестерді цифрландыру жөніндегі талаптарға сәйкестендіру туралы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді.
Бұйрық жобасының негізгі мақсаты – өлшеу құралдарын тексерушілерді аттестаттау және қайта аттестаттау рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ тиісті қызметтердің сапасы мен көрсетілу жеделдігін жақсарту.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі аталған бұйрық жобасын жариялады. Жобаны қоғамдық талқылау 2026 жылғы 6 қаңтар мен 2026 жылғы 21 қаңтар аралығында ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында өтеді.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15736610