
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі биржалық тауарлар тізбесін, жеткізу партияларының параметрлерін және биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысу тәртібін өзектендіру мақсатында жекелеген бұйрықтарға өзгерістер енгізеді.
ҚР СИМ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын әзірледі, онда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 280 «Биржалық сауда қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 «Биржалық тауарлар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу көзделген.
Бұйрық жобасы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Жұманғарин С.М.-нің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №12-18/7977 тапсырмасын орындау мақсатында, сондай-ақ Биржалық қызмет саласындағы үйлестіру кеңесінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 170-ПР отырысының хаттамасына сәйкес әзірленді.
Негізгі мақсат: енгізілетін өзгерістер ішкі нарықта баға қалыптастырудың ашықтығын күшейтуге, биржалық сауда-саттықтың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік беретін ең төменгі үлесті ұлғайтуға бағытталған, сондай-ақ картоп бойынша жеке секцияны құру азық-түлікке арналған картоптың ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, соя тауарларын алып тастау өндірушілер мен қайта өңдеушілерге түсетін қаржылық жүктемені төмендетуге ықпал етеді.
ҚР СИМ Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бұйрығының жобасын жариялады. 06.01.2026 мен 21.01.2026 аралығында Ашық нормативтік құқықтық актілер порталында аталған жоба бойынша жария талқылау жүргізілетін болады. Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15728256