Нарықтан сапасыз өнім алынып тасталады – Бақыт Сұлтанов

Нарықтан сапасыз өнім алынып тасталады – Бақыт Сұлтанов

Бүгін, 2020 жылғы 26 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифингте сөз сөйледі.

Ол сауда ведомствосының ел Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауын іске асырудағы рөлі туралы айтып, Сауда және интеграция министрлігінің міндеттері не екенін, сондай-ақ сауда мен экспортта қабылданған қадамдардан жағдай қалай өзгеретінін түсіндірді.

 - Жалпы, «Техникалық реттеу туралы» заң жобасы шеңберінде біз ішкі нарықты «ағарту» және отандық тауар өндірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын қорғау сияқты маңызды міндетті шешудеміз, - деді сауда министрі. - Жосықсыз өндірушілер мен сапасыз импорт қатаң қадағаланатын болады нарықтан шығарылады.

- Ол үшін біз мемлекеттік бақылау нысаны ретінде жедел ден қою тетігін енгіземіз. Яғни, оны сатушы емес, өнім тексерілетін болады. Егер ол сапасыз болып шықса, онда ол автоматты түрде нарықтан алынады.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, «біз бизнес үшін өнімдер мен процестердің қауіпсіздігіне қатысы жоқ артық талаптарды қамтитын НҚА-ны жою бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз». 

- Ағымдағы жылы Министрлік аккредиттеу саласында жаңа бағыттарды енгізу бойынша жұмысты белсенді бастады. Аккредиттеудің тиісті зертханалық практика (GLP), тиісті ауыл шаруашылығы практикасы (Global G.A.P.), Халал, органикалық өнім, жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі, биобанкинг және т.б. сияқты 15 бағыты зерделенеді - деді министр стандарттар саласындағы жаңалықтар туралы.

Жаңа бағыттарды енгізу процесі екі жүйелі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезеңде инфрақұрылымды құру, яғни жетекші бағалаушыларды даярлау, ұлттық нормативтік базаны құру; екінші кезеңде - сертификаттау жөніндегі органдар мен зертханаларды аккредиттеу қажет.

Осы аккредиттеу схемаларын енгізу өнім мен процестердің сапасын арттыруға, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін өсіруге ықпал ететін болады.