
Қазақстан Республикасында Сауда және интеграция министрінің жаңа «Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасы әзірленді.
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 4-тармағына сәйкес тауарлар тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына сәйкес сыныпталуға және Ұлттық тауарлар каталогына сәйкес бірыңғай атауға және сәйкестендіру кодына ие болуға тиіс.
Осыған байланысты «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының көрсетілген нормасына сәйкестікке келтіру мақсатында электрондық сауда алаңдарында тауарды орналастыру кезінде Ұлттық тауарлар каталогының сәйкестендіру кодының болуын көздеу қажет.
Бұйрықтың негізгі мақсаты – электрондық сауда алаңдарында тауарды орналастыру кезінде ҰТК сәйкестендіру кодының болуын қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда және интеграция министрінің «Электрондық сауда алаңдарында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 115-НҚ бұйрығына толықтыру енгізу туралы» бұйрық жобасын ашық нормативтік құқықтық актілер порталына орналастырды, онда 05.01.2026 жылдан 20.01.2026 жылға дейін осы жобаның қоғамдық талқылауы өтеді https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15720842.