Консультативтік комитет отырысының қорытындысы

Консультативтік комитет отырысының қорытындысы

2025 жылғы 18 желтоқсанда Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі алқа мүшесі (министр) В. Б. Татарицкийдің төрағалығымен ЕЭК Алқасы жанынан құрылған Техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану жөніндегі Консультативтік комитеттің кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Консультативтік комитеттің мүшелері, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің тәуелсіз сарапшылары қатысты.

Консультативтік комитет техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану саласындағы 14 мәселені қарады.
Консультативтік комитет мүшелері төмендегі құжаттардың жобаларын мақұлдап, оларды ЕЭК Алқасының қарауына жолдады:

- Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 44 шешімімен бекітілген сәйкестікті бағалаудың үлгілік схемалары негізінде сәйкестікті бағалау нысандарын, схемаларын және рәсімдерін белгілеу бөлігінде «Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 032/2012) өзгерістер енгізу туралы жоба;

- «Май өнімдеріне арналған техникалық регламент» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 024/2011) талаптарының сақталуын ерікті негізде қамтамасыз етуге арналған халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесі, ал олар болмаған жағдайда — ұлттық (мемлекеттік) стандарттар туралы ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы, сондай-ақ зерттеу (сынау) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі;

- «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 034/2013) талаптарының сақталуын ерікті негізде қамтамасыз етуге арналған халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбесі, ал олар болмаған жағдайда — ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттары, сондай-ақ сәйкестікті бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеу (сынау) және өлшеу әдістемелерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын стандарттар тізбесі туралы ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы;

- Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2019 жылғы 8 қазандағы № 170 шешіміне өзгерістер енгізу туралы ЕЭК Алқасы шешімінің жобасы;

- «Қаптаманың қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 005/2011) № 4 өзгерістер жобасы және оған қатысты құжаттар топтамасы.

Сонымен қатар, «Парфюмерлік-косметикалық өнімнің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентіне (КО ТР 009/2011) 1–5-қосымшаларды өзектендіру бөлігінде өзгерістер енгізу жобасы жария талқылау рәсімін өткізу үшін мақұлданды.