Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау туралы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің сауда және интеграция мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі-Жұмыс тобы) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 8 және 9-баптарына және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 2051 жылғы 28 наурыздағы № 112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережеге сәйкес агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеуді жариялайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы - 15 адам (15 - коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар).

Конкурс нәтижесі бойынша негізгі құрамнан бөлек, 5 адамнан тұратын резервтік тізім құрылады. Резервтегі үміткерлердің Қоғамдық кеңестің негізгі мүшелері шығып кеткен жағдайда Кеңес құрамына енгізілу мүмкіндігі бар.

  1. Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын талаптар:

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

- сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

 - психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

  1. Конкурсқа қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар және қатысуға ниет білдіргендер келесі құжаттарды тапсырады:

- кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1,2 қосымша);

- өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3 қосымша);

- сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

- психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

- Қазақстан Республикасының «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» Заңының 8-бабына сәйкес үміткердің жеке деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім беру.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін, сондай-ақ бір адам тек бір Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлануы мүмкін.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар конкурсқа жолданбайды.

Конкурсты өткізу мерзімі: 2026 жылғы 13 қаңтарға дейін (қоса алғанда)

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Астана, Мәңгілік-Ел, 8, 1 кіреберіс, каб.910

Тел. 8 (7172) 74-94-02

Құжаттарды қолма-қол беруге немесе электрондық түрде электрондық мекенжайға жіберуге болады mti.rk02@gmail.com

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3