«QazTrade» CСДО» АҚ кәсіпкерлерге Alibaba.com халықаралық сауда платформасы негiзiнде экспорттау туралы семинар өткізді

«QazTrade» CСДО» АҚ кәсіпкерлерге Alibaba.com халықаралық сауда платформасы негiзiнде экспорттау туралы семинар өткізді

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Alibaba.com халықаралық сауда платформасына экспортерлерді шығару бойынша Алматы қаласының кәсіпкерлері үшін танысу семинарын өткізді. Семинарға өзінің нарығы мен нысаналы тобын кеңейтуге ниетті қызметтің әртүрлі түрлерінің өкілдері келді.

Семинар барысында экспортерлер Alibaba.com платформасында ақпараттық бейнероликпен танысу және қазақстандық компанияларды В2В алаңына шығару бағдарламасы туралы көп білу мүмкіндігін алды. Жұмыс тобы өздерінің тауарларын “Gold Supplier” ретінде Alibaba.com платформасында ілгерілететін экпортерлерге қолжетімді мүмкіндіктерді таныстырды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар тауарларды платформада ілгерілету саласында ғана емес, сондай-ақ тарифтік реттеу, логистика проблемаларын талқылап, одан әрі ынтымақтасу үшін байланыстармен алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

«QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ export.gov.kz  порталында «Gold Supplier» мәртебесі бар аккаунттар ұсынылатын қазақстандық ұйымдарды (тауар өндірушілерді және сауда компанияларын) іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау 22 қазанға дейін жалғасатынын  ескертеміз.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласыңыз: +7 777 999 9473 +7 778 995 98 62.