Сауда министрлігі Еуропа мен Орталық Азиядағы аграрлық азық-түлік өнімдерінің сауда саясатын талқылау жөніндегі вебинарға қатысты

Сауда министрлігі Еуропа мен Орталық Азиядағы аграрлық азық-түлік өнімдерінің сауда саясатын талқылау жөніндегі вебинарға қатысты

Ағымдағы жылдың 21 қазанында Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы COVID-19 кезеңінде және одан кейін Еуропадағы және Орталық Азиядағы аграрлық азық-түлік өнімдерінің сауда саясатын талқылауға арналған ДСҰ мен ФАО ұйымдастырған бірлескен вебинарға қатысты.

Вебинарға ұлттық және халықаралық сарапшылар, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Сарапшылар COVID-19 пандемиясы кезінде елдердің экономиканы қолдау үшін қабылдаған сауда саясатының шаралары туралы пікір алмасты.

Вебинарда келесі негізгі сұрақтар қарастырылды:

- пандемия кезінде елдер қабылдаған сауда саясатының шаралары және олардың тиімділігі;

- ауыл шаруашылығы саласындағы CОVID-19 салдарын еңсерудегі сауда саясатының рөлі және басқалар.

Талқылау барысында COVID-19-ға байланысты көптеген аймақтарда бірқатар шаралар қабылданғандығы, олардың кейбіреулері қысқа мерзімді және күшін жойғанымен, ал кейбіреулері ұзақ мерзімді әсер етуі мүмкін екендігі айтылды. Сондай-ақ, сарапшылар қабылданған шаралардың сауда серіктестеріне, сондай-ақ  Дүниежүзілік сауда ұйымының ережелеріне әсер етуі туралы да сөз қозғалды.

Азамат Асқарұлы,  өз кезегінде вебинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларды Қазақстанда пандемия кезінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экономиканы қолдау бойынша қабылданған бірқатар шаралармен таныстырды. Сонымен қатар, спикер ауыл шаруашылығы өнімдерін ел ішінде тиімді тарату үшін инфрақұрылым құруға, оны одан әрі экспортқа шығаруға баса  назар аударды.