
ҚР "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына және қоғамдық Кеңес туралы 28 наурыздағы Үлгілік ережеге сәйкес көзделген жұмыс тобына кандидаттардан толық құжаттар топтамасының болмауына байланысты 2025 жылғы №112-НҚ, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Сауда және интеграция саласындағы қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Құжаттар 2025 жылдың 11 желтоқсан – 18 желтоқсан аралығында қабылданады.
Жұмыс тобының сандық құрамы 3 адам, оның ішінде 1 – мемлекеттік органның өкілдері, 2 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері (Қазақстан Республикасының азаматтары).
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті мемлекеттік органға, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.
Құжаттар mti.rk02@gmail.com, erkema_90@mail.ru электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 7172 74 91 19, 8 7172 74 94 02.