Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібін енгізу туралы

Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібін енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 17 қарашадағы № 325-НҚ, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 494, Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 586/НҚ, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2025 жылғы 20 қарашадағы № 717 және Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 20 қарашадағы № 391 «Тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» пилоттық жобаны іске асыру туралы» бірлескен бұйрығының қабылданғанын хабарлайды. Осы бұйрық 2025 жылғы 5 желтоқсанда күшіне енеді.

Аталған бірлескен бұйрықпен тауарлардың жекелеген түрлерін әкетуге рұқсат беру тәртібі енгізіледі, және ол тек ТМД - ға қатысушы мемлекеттерге әкетілетін тауарларға ғана қолданылады. Рұқсат беру тәртібі өнеркәсіптік тауарлардың жекелеген түрлеріне, телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарының жекелеген түрлеріне, сондай-ақ авиациялық өнеркәсіп тауарларының жекелеген түрлеріне ғана қатысты қолданылады.

Рұқсат беру тәртібі қолданылатын тауарлардың тізбелері бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларында бекітілген. Рұқсат беру қағидалары және қажетті құжаттар тізбесі бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасында бекітілген.

Кеңес алу үшін байланыс деректері
1. Телекоммуникациялық, компьютерлік жабдықтың, оның бөлшектері мен материалдарын әкету мәселелері бойынша:
Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі:
Тел.: 64-95-13, 64-95-19.
2. Авиациялық өнеркәсіп тауарларын әкету мәселелері бойынша:
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаменті
Тел.: 98-33-34;
Қазақстан Республикасының Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті
Тел.: 57-23-06.
3. Өнеркәсіптік тауарларды әкету мәселелері бойынша:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті
Тел.: 57-23-53.
4. Кедендік операцияларды жүзеге асыруға қатысты мәселелер бойынша:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Тел.: 71-84-16, 71-79-51.