Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушыларға Wildberries интернет-дүкенімен ақшалай қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдануда

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті тұтынушыларға Wildberries интернет-дүкенімен ақшалай қаражатты өтеу жөнінде шаралар қабылдануда

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіні (бұдан әрі - ТҚҚК) Wildberries интернет-дүкенінің басшылығымен бірлесіп Қазақстан Республикасының тұтынушыларына - осы дүкеннің клиенттеріне қаражатты қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қыркүйек айының екінші жартысынан бастап бүгінгі күнге дейін ТҚҚК-не интернет-дүкенге қатысты сомасы 3,9 млн.теңгені құрайтын барлығы 90-нан астам азаматтардың шағымы келіп түсті.

ТҚҚК қабылдаған шаралардың (келіссөздер, ресми хат алмасу) нәтижесінде сомасы 3,2 млн. теңгені құрайтын 66 тұтынушыға қаражат қайтарылды. ТҚҚК-не жүгінген басқа тұтынушыларға қаражаттың 2020 жылдың қазан айының соңына дейін қайтарылатын болады.

Wildberries Интернет-дүкенінің ақпараты бойынша қаражатты қайтаруды рәсімдеген кезде ақша сол күні аударылады, содан кейін банк қаражатты тұтынушыға аударады. Ағымдағы ақша аударымының кешігуі Wildberries шотына қызмет көрсететін банктің техникалық мәселесімен байланысты.

Wildberries интернет-дүкенінен қаражатты қайтаруды күтіп жатқан Қазақстан Республикасы тұтынушыларының жалпы саны белгісіз екенін атап өтеміз. Осыған байланысты, аталған компания қаражатты қайтармаған жағдайда ТҚҚК-не немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі өңірлік департаментке жүгінуді, сондай-ақ шағымды онлайн түрде: @kzpp_bot телеграм-бот немесе электрондық үкімет порталы арқылы беруді сұраймыз.