
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Сауда және интеграция саласындағы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамын қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс өткізетіні туралы хабарлайды («Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына және Қоғамдық кеңес туралы 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ Үлгілік ережеге сәйкес).
Конкурс Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдарының өкілдері арасында өткізіледі.
Құжаттар 2025 жылдың 1 желтоқсан – 5 желтоқсан аралығында қабылданады.
Жұмыс тобының құрамы 3 адамнан, оның ішінде 1 – мемлекеттік органның өкілдері, 2 – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдерінен (Қазақстан Республикасының азаматтары) тұрады.
Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1) Үлгілік ережеге 1-қосымшағасәйкес нысан бойынша кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;
2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;
3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;
4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;
5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.
Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралымдарың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберіледі.
Жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам осы Үлгілік ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысуға өтінішті мемлекеттік органға, республикалық деңгейдегі квазимемлекеттік сектор субъектісіне немесе жергілікті деңгейдегі жергілікті өкілді органға береді не электрондық поштасына жібереді.
Құжаттар erkema_90@mail.ru, s.akimzhan@mti.gov.kz электрондық поштасына жіберіледі.
Анықтама телефоны: 8 7172 74 9119, 8 7172 74 94 02.
Қосымша - 1
Қосымша - 2