Қарағандыда әлеуметтік тауарға сауда үстемесін негізсіз көтерген 5 сауда желісі мен 32 көтерме жеткізуші жазаланды

Қарағандыда әлеуметтік тауарға сауда үстемесін негізсіз көтерген 5 сауда желісі мен 32 көтерме жеткізуші жазаланды

Қарағанды облысына көтерме тауар жеткізушілер Milk Group ЖШС және Деп Плюс ЖШС сары майдың сауда үстемесін 22,6% және 26,3% - ға асырған. Ал Сұлтан Камал ЖШС майлылығы 2,5% айранды 43,2% сауда үстемесімен, Кадомец ЖК 1-санаттағы тауық жұмыртқасын 25% сауда үстемесімен сатқан. Ал Ер-Ай 2012 ЖШС қарақұмық жармасына белгіленген сауда үстемесін сауда үстемесін 12 пайызға арттырып жіберген. Өңірге көкөніс өнімдерін жеткізушілер ЖК Надиров және ЖК Марш сауда желілеріне картопты сатқанда сауда үстемесін 5% және 20% - ға асырған. Нәтижесінде ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті барлық сауда субъектілерін ҚР ӘҚБтК 204-4-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Жалпы Қарағанды облысында мемлекеттік бақылау шеңберінде жыл басынан бері 155 сауда субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың 142-сi әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша сауда үстемесін негізсіз асырған, 10 субъектіде баға көрсеткіштерінің сәйкес болмауы фактілері анықталған, 3 субъект сауда объектілерінің жұмыс регламентін сақтамаған. Жалпы алғанда 40 кәсіпкерге ескерту берілді, ал 115 кәсіпкерге 5,0 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынды.
 
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу және өнімсіз делдалдық тізбектерді болдырмау мақсатында облыста делдалдық схемаларды тергеп-тексеру жөніндегі өңірлік комиссия жұмыс істейді. Комиссия алгоритміне сәйкес сауда департаменті басқа мемлекеттік органдармен тығыз өзара іс-қимыл жасайды.

«Бағаның негізсіз өсуін анықтау үшін Мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп негізгі нарық субъектілерінің электрондық шот-фактураларын тұрақты түрде талдау жүргіземіз және бірлескен жұмыс аясында өндірушіден супермаркет сөресіне дейінгі тауар қозғалысы тұрақты бақылауда ұстаймыз», - деді Қарағанды облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Абзал Рахымбаев.

Жыл басынан бері комиссияның 57 отырысы өткізілді. Нәтижесінде 5 ірі сауда желісі және 32 көтерме жеткізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Департамент мониторингі бойынша, қарағандылық кәсіпкерлер әлеуметтік маңызы бар тауарлар ішінен ең көп бакалея өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз арттырады. Депаратмент бұл өнімдер бойынша жыл басынан бері 81 факт анықтады. Одан кейін ең көп көкөніс өнімдеріне сауда үстемесін негізсіз қосқан (51 факт)