Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың Швейцарияға жұмыс сапары туралы

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтановтың Швейцарияға жұмыс сапары туралы

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-bern/press/news/details/110870?lang=ru 

2020 ж. 15-16 қазаныңда Швейцарияға жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов Швейцарияның экономика жөніндегі мемлекеттік хатшылығымен және Швейцария бизнесі өкілдерімен келіссөздер жүргізді.

15 қазанда Сауда келісімдері жөніндегі Федералды кеңестің уәкілетті өкілдері Эрвин Боллингер және Маркус Шлагенхофпен екі елдің сауда-экономикалық қатынастарын дамыту және олардың көпжақты платформалардағы өзара іс-қимылдарына қатысты кездесу өтті.

Б.Сұлтанов пен Э.Боллингер,Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Швейцария үкіметаралық комиссиясының тең төрағалары бола отырып, қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша жұмыстардың барысын талқылап, оларды іс жүзінде жүзеге асырудың алдағы жоспарларын белгіледі. Пандемияның салдары Қазақстан мен Швейцария арасындағы сауда-экономикалық қатынастарда да көрініс тауып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне себеп болғандығы атап өтілді. Қазіргі уақытта екі тараптың күш-жігері шикізаттық емес тауарлардың екіжақты сауданы сапалы кеңейтуге және бірлескен жобаларды жасауға бағытталған.

Көпжақты тақырыптар бойынша белсенді пікір алмасу кезінде швейцариялық тарап халықаралық ұйымдар шеңберінде Қазақстанмен өзара әрекеттесу деңгейін жоғары бағалады. Атап айтқанда, көпжақты саудаға жауап беретін М.Шлагерхофпен қазақстандық министр ДСҰ-ның даму тенденцияларын және пандемияның салдары мен протекционистік сезімдердің өсуімен қиындатылған қазіргі жағдайдағы ұйымның жаһандық платформа ретіндегі рөлін талқылады. 2021 ж. ДСҰ елдерінің 12-ші Министрлік конференциясын өткізуге Қазақстанның дайындығын растай отырып, Б.Сұлтанов Нұр-СұлтандаФедералдық президент бастаған швейцариялық делегацияны қабылдауға қуанышты болатынын атап өтті.

Б.Сұлтанов «Bucher Industries» холдингінің кеңесін қоса басқаратын, «economiesuisse»Швейцария кәсіпкерлер қауымдастығы Сыртқы экономикалық комиссиясының президенті Филипп Мозиманнға Қазақстан экономикасының басым секторларының дамуына сараптамалық талдау жасау негізінде іскерлік байланыстарды дамытуды ұсынды. Швейцариялық өнеркәсіпші бұл идеяны қолдап, ынтымақтастыққа дайын екенін растады.

16 қазанда швейцариялық «Militzer & Münch International» логистикалық холдингінің басшылығымен келіссөздер өтті. Аталған компанияның негізгі нарықтары Еуразия мен Таяу Шығыс елдері болып табылады. Іс жүзінде компания «Бір белдеу - бір жол» трансконтинентальдық көлік жобасының ауқымды әлеуетін іске асырады.Швейцария бизнесі осы жобаның келешегін көріп, оны жүзеге асыруға қатысуға үлкен қызығушылық танытып отыр. Ноу-хау мен инновацияның арқасында Швейцария кәсіпорындары маңызды рөл атқарса, Қазақстан бұл тұрғыда жан-жақты қолдау мен оңтайлы жағдай ұсынуға дайын.

Сапар соңында Б.Сұлтанов поршенді компрессорлар өндірісі бойынша әлемдегі көшбасшы «Burckhardt Compression» кәсіпорында болды. Компанияның бас директоры Марсел Павличек «Швейцария-ТМД»Бірлескен сауда палатасының да президенті болып табылады. Ол компания үшін қазақстандық нарықтың, әсіресе Қазақстанның ЕАЭО-қа қатысуы жағдайындағы маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, тараптар сарапшылардың тұжырымдарын басшылыққа алып, қазақстандық экономиканың басым секторларының әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыруға назар аударуға келісті.