
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Қаржы министрліктерімен «Жекелеген тауар түрлерін әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығының жобасын әзірледі.
Бұйрық жобасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге жекелеген тауар түрлерін әкетудің рұқсат беру тәртібін белгілеу мақсатында дайындалды.
Жекелеген тауар түрлерін әкету Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция, Өнеркәсіп және құрылыс, Жасанды интеллект және цифрлық даму, Қаржы министрліктері тарапынан өтеусіз негізде берілетін рұқсаттар негізінде жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған бұйрық жобасын жариялады, жоба бойынша жария талқылау 2025 жылдың 4 қарашасы мен 9 қарашасы аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15660559 ).