СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

СИМ бұйрық жобасын жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыруға қойылатын бірыңғай талаптар мен тәртіптерді белгілеуге қатысты, «Қазақстан Республикасының аумағында жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің Бірыңғай қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі.

Бұйрық жобасы Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының хаттамасында баяндалған тапсырмаларды орындау мақсатында әзірленді.

Жоба барлық уәкілетті мемлекеттік органдар көрсететін жекелеген тауар түрлерін экспорттауға және (немесе) импорттауға рұқсат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету рәсімдерін бірыңғайландыру мен жүйелеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі аталған бұйрық жобасын жариялады, жоба бойынша жария талқылау 2025 жылдың 4 қарашасы мен 9 қарашасы  аралығында «Ашық НҚА» интернет-порталында өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15660510 ).