
Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидалары шеңберінде мемлекеттік қолдау алған кәсіпкерлер үшін жалдау ақысын арттыруға шектеулер енгізеді.
ҚР СИМ «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасын әзірледі».
ҚР СИМ Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.Ә. Бектеновтің экономика салалары бойынша инвестициялық тапсырыстар және ЖІӨ-ні екі еселеу мәселелері жөніндегі 2025 жылғы 17 шілдедегі хаттамалық тапсырмасының 2.1 және 2.2-тармақтарын орындау үшін, «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Негiзгi мақсаты: Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау және кредиттер бойынша кепілдік беру (сауда алаңын жалға беретін) шарттары жасалғаннан кейін бір жыл ішінде сауда орындарына жалдау құнын арттыруды шектеу бөлігінде Ережедегі өзгерістер әсіресе шағын және орта бизнес үшін, жалға берілетін алаңдарда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер үшін маңызды. Олар шығындардың болжамдылығына кепілдік алады, өз қызметін жоспарлай алады, жалдау ақысының кенеттен және негізсіз көтерілуіне жол бермейді.
ҚР СИМ «Ішкі сауда субъектілеріне жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын көрсету қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 21 маусымдағы № 262-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасын жариялады. 2025 жылдың 3 қарашасы мен 2025 жылдың 18 қарашасы аралығында ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында аталған жоба жария талқыланатын болады (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15650532 ).