
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Ашық НҚА» интернет-порталында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну» қызметін көрсету жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру және оны іске асыру барысында мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы» (бұдан әрі – Пилоттық жоба) бірлескен бұйрық жобасының орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Жоба шеңберінде пилоттық жобаның географиясын кеңейту көзделген: Ақмола облысының Ақкөл қаласына қосымша Көкшетау және Павлодар қалалары қосылады, сондай-ақ оның іске асыру мерзімдері нақтыланады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға қызмет көрсетудің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, жаңа өңірлерде цифрлық азық-түлік ваучерлерін енгізу нәтижелерін бағалауға және тетікті тұрақты негізде одан әрі масштабтау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (бұдан әрі – ӘМАТ) бағаны мемлекеттік реттеуден мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушыларды нысаналы қолдауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыруда.
Дайындық кезеңі ретінде цифрлық азық-түлік ваучерлерінің пилоттық жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында АӘК алушылар eGov Mobile қосымшасындағы «әлеуметтік әмиян» арқылы ӘМАТ-ты 15%-ға дейінгі жеңілдікпен сатып ала алады.
Жобаны талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында ағымдағы жылдың 17 қарашасына дейін жалғасады.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15651208