Жобаны орналастыру туралы

Жобаны орналастыру туралы

2022 жылдың 27 мамырдағы №6 «Индонезия Республикасымен еркін сауда туралы келісім жасау жөніндегі келіссөздерді бастау туралы» Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешіміне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Халықаралық шарттар туралы» Заңының 5-бабы 2-тармағына сәйкес, осы жылдың желтоқсан айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес алаңында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір тараптан және Индонезия Республикасы екінші тараптан Еркін сауда туралы келісімге қол қою жоспарлануда.

Аталған Келісімге қол қою Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Индонезия Республикасы арасындағы сауда қатынасын дамытуға және нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарлардың серіктес нарығына ілгерілеуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері бір тараптан және Индонезия Республикасы екінші тараптан Еркін сауда туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы» қаулысы жобасының ресми интернет-ресурсында, сондай-ақ «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Аталған жоба бойынша ашық талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылдың 29 қазан мен 13 қараша аралығында өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15650562 ).