ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев министрлік қызметкерлеріне Республика күніне орай мемлекеттік және ведомстволық наградаларды табыстады. Министрліктің 72 қызметкері түрлі марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Аппарат басшысы Азамат Каримов пен Сауда комитеті төрағасының орынбасары Гүлмира Ахметтаева «Парасат» орденімен марапатталды.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен Ахметова Сәуле Оспанқызы, Болғанисов Бауыржан Ертайұлы, Қабылбеков Қанат Абайұлы, Сағынбек Амира Нұрахметқалиқызы, Тоганасова Дина Нұрғазықызы, Махамбеталиев Жомарт Жандарбекұлы, Кулешова Елена Александровна марапатталды.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және метрология институты» ШЖҚ РМК Қаржы департаментінің бас маманы Сәуле Битаханқызы Ақылбаева ведомстволық «Еңбек ардагері» медаліне ие болды.
Құралбек Балтабекұлы Қызғарин мен Динара Талғатқызы Мұқашеваға «Құрметті метролог» төсбелгісі табысталды.
Айтмұхан Айтқожаұлы Мусин мен Елтай Сүлейменұлы Естаев «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Сондай-ақ министрліктің 10 қызметкері «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Өзге де қызметкерлер ҚР Премьер-Министрі мен ҚР Сауда және интеграция министрінің алғыс хаттарына ие болды.