2025 жылғы 27 маусымда Еуразиялық экономикалық одақтың Жоғары кеңесі алаңдарында Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері, бір жағынан, және Моңғолия, екінші жағынан, арасындағы Уақытша сауда келісіміне қол қойылды.
Аталған Келісім Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Моңғолия арасындағы сауда байланыстарын дамыту мен нығайтуға, сондай-ақ қазақстандық тауарларды әріптес елдің нарығына ілгерілетуге қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Еуразиялық экономикалық одақ пен оның мүше мемлекеттері, бір жағынан, және Моңғолия, екінші жағынан, арасындағы Уақытша сауда келісімін ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасы туралы қаулысы жобасының ресми интернет-ресурста, сондай-ақ «Ашық НҚА» интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарлайды.
Аталған жоба бойынша көпшілік талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 21 қазаннан 6 қарашаға дейін өтеді (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15632664 ).