Wildberries дерегінше Республика күніне орай ұйымдастырылған «Береке Fest» акциясы аясында қазақстандық кәсіпкерлердің тауарларына сұраныстың артқанын тіркеді. Биылғы жылдың қазан айының ортасынан бастап Wildberries платформасында акция басталғалы бері қазақстандықтардың онлайн-сатып алуға деген қызығушылығы өткен аптамен салыстырғанда 5%-ға өскен*. Акцияға 8,5 мыңнан астам қазақстандық кәсіпкер қатысуда. Олар өз тауарларына 10%-дан 90%-ға дейін жеңілдік мөлшерін өз бетінше белгілейді.
Сатып алушылар арасында ең жоғары сұранысқа ие болған тауар санаттары: • желі жабдықтары – +223% (ақшалай мәнде), • бау-бақша техникасы – +134%, • автокөлік электроникасы – +114%, • балалар тағамы – +101%, • асүйге арналған техника – +13%. Акция барысында ең көп сатылған тауарлар қатарына мыналар кірді: • шырынсыққыштар (сұраныс 18 есе артқан), • смартфондар (10 есе), • бау-бақша техникасы (электр аралар мен қар тазалайтын машиналар – 7 есе), • спорттық аксессуарлар (4 есе), • сымсыз шаңсорғыштар (2 есе).
Сатып алуда ең белсенді өңірлер қатарында Алматы, Қарағанды, Астана, Павлодар, сондай-ақ Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары бар.
«Береке Fest» акциясы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің бастамасымен 2025 жылғы қыркүйек айының соңында іске қосылды. Бүгінде бұл акцияға еліміздің 80-нен астам ірі сауда желілері қатысуда. Қазан айының ортасында аталған бастамаға Wildberries, Kaspi, Teez сынды ірі онлайн платформалар қосылып, акцияның ел аумағындағы қамту ауқымын кеңейтуге және отандық бизнесті қолдауға мүмкіндік берді.
*Wildberries деректері бойынша, 2025 жылғы 21 қазанға дейінгі мәліметтер.