Мемлекеттің жаңа саяси бағыты «Қазақстан-2050» стратегиясында «Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту.» – делінген.
2025 жылдың 30 қыркүйегінде Министрлікте Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету департаменті Лингвистика басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тілде құжат әзірлеудің ерекшеліктері» атты семинар өтті. Семинарға құрылымдық бөлімшелерден 16 қызметкер қатысты.
Семинарды өткізу мақсаты Министрлік қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін одан әрі жетілдіру болды.
Семинар барысында қызметкерлер тапсырмалар орындау арқылы өздерінің мемлекеттік тілді білу дәрежесін көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Мемлекеттік тілді өз қызметінде сауатты пайдалана білу – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті. Сондықтан Министрлік іс жүргізудегі мемлекеттік тілдің жоғары мәртебесін сақтай отырып, осындай іс-шараларды алдағы уақытта да белсенді түрде өткізе бермек.