2020 жылғы 7 қазанда Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов «еститін мемлекет» тұжырымдамасын іс жүзінде іске асыруды қамтамасыз етуге арналған, ЕАЭО – ға қатысуы және Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелігі мәселелері жөніндегі қоғамдық қабылдау (бұдан әрі - Қоғамдық қабылдау) құру туралы бұйрыққа қол қойды.
Қоғамдық қабылдау құрудың маңызды алғышарты бизнеспен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ ЕАЭО-ның жұмыс істеуі және ДСҰ-ға мүшелік мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру қажеттілігі болды.
Қоғамдық қабылдау ЕАЭО және ДСҰ шеңберінде Бизнестің туындайтын проблемалық мәселелері бойынша консультациялық және түсіндіру жұмысын жүргізетін болады.
Өзара іс-қимыл форматы ЕАЭО елдерімен саудадағы кедергілерді анықтауға және жоюға мүмкіндік беретін Қазақстан өңірлеріне көшпелі кеңестерді де көздейді.