Түркістан облысында жалған құжаттармен сапасыз цемент сату фактілері анықталды

Түркістан облысында жалған құжаттармен сапасыз цемент сату фактілері анықталды

Түркістан облысында жоспардан тыс тексерулер барысында өңір аумағында сатылатын импорттық цемент техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтіні және міндетті сәйкестік сертификаты жалған екендігі анықталды.

«Техникалық реттеу туралы» ҚР Заңының 35-бабына сәйкес техникалық регламенттер қолданысқа енгізілген өнім нарығында айналыстың қажетті шарты оның белгіленген тәртіппен расталған техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігі болып табылады. Сәйкестікті бағалаудан өтпеген, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың болмауынсыз өнімді айналысқа шығаруға тыйым салынады.

«Цемент - бұл ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздігі сапасына тікелей байланысты негізгі құрылыс материалы. Қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін бұл материал пайдалану жөніндегі нұсқаулықты, сапа паспортын, сәйкестік сертификатын және тәуекелдерді талдау үшін қажетті өзге де материалдарды қоса алғанда, барлық қажетті құжаттамамен сүйемелденуі тиіс», - екендігі туралы Техникалық реттеу және метрология Комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов атап өтті.

Тексерулер нәтижелері бойынша екі кәсіпкер ҚР ӘҚБтК-нің 415-бабының 1-бөлігі бойынша 920 088 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, сондай-ақ бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді және партиясы 3577 қап «CONCH» маркалы цемент өнімін сатуға тыйым салу туралы жедел ден қою шаралары қолданылды.

Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды тұлғаларына олардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіргені үшін аталған кәсіпкерлер ҚР ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-бөлігінің 668 440 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.