Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған

Биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған

Жалпы, соңғы 4 жылда 156 базар жаңғыртылды. Жол картасына сәйкес биыл 100 базарды жаңғырту жоспарланған. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев хабарлады.

«Қазіргі таңда осы 100 базардың 57-сінде құрылыс жұмыстарын толық аяқталған, ал қалғандарында жұмыстар жартылай орындалған немесе аяқталу кезеңінде», - деді спикер.

Оның айтуынша, Сауда министрлігі 2029 жылға қарау заманауи сауда форматының үлесін 70%-ға жеткізуді көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 41%-ды құрайды. Сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлем жүйелерін енгізу, санитарлық нормаларды және өртке қарсы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Заңнама талаптарына сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңғырту жұмыстарын аяқтамаған базарлардың иелеріне қатысты әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.