Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сатушыға қалай наразылық хат жолдауға болады?

Тұтынушы құқығы бұзылған жағдайда сатушыға қалай наразылық хат жолдауға болады?

Әрбір тұтынушы сапалы тауар мен қызмет алуға құқылы. Егер сіздің тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылса, Сатушыға (орындаушыға, дайындаушыға) наразылықпен жүгінуге болады.

Мыналарды білуіңіз керек
Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 42-4-бабына сәйкес, тұтынушы құқылы: заңбұзушылықтарды жоюды талап етуге,тауардың немесе қызметтің кемшіліктерінен келген залалды өтеуді сұрауға.

Наразылық хат қалай жазылады? Наразылық хат еркін түрде жазылады. Онда көрсетілуі тиіс: қандай құқықтары бұзылғаны, тауардың немесе қызметтің кемшіліктері, тұтынушының талаптары (ақшаны қайтару, тауарды ауыстыру, кемшілікті жою және т.б.).

Наразылық хат қайда жолданады?
• Тікелей
сатушыға (қабылданғаны туралы белгі алу қажет);
Пошта арқылы сатушының заңды мекенжайына;
Электронды түрде (e-mail немесе онлайн жүйелер арқылы).

Сатушының міндеттері
Сатушы (дайындаушы, орындаушы) міндетті:
• тұтынушының наразылығын қарауға,
• 10 күнтізбелік күн ішінде жазбаша жауап беруге,
• өз ұстанымын растайтын құжаттардың көшірмесін қоса ұсынуға.

Егер жауап болмаса
Егер сатушы 10 күнтізбелік күн ішінде жауап бермесе немесе заңбұзушылықтарды жоюдан, шығынды өтеуден бас тартса, тұтынушы құқылы:
• уәкілетті органға жүгінуге,
• тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік органдарға шағымдануға,
• қажет болған жағдайда сотқа арыздануға.

Тұтынушы жағдайында болған мысал 
Түркістан облысының тұрғыны онлайн арқылы 350 000 тг-ге төсек-орын сатып алған. Бірақ жеткізілген кезде бір жамылғы жетіспеген. Сатушыға жазған наразылық хатына жауап болмаған соң, тұтынушы «Е-Өтініш» жүйесі арқылы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген. Департаменттің араласуынан кейін сатушы өз қателігін мойындап, жетіспеген тауарды «Қазпошта» арқылы жіберген әрі тұтынушының 6 000 тг шығынын өтеген.

Нәтиже: тұтынушының құқығы толық қалпына келтірілді.