Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков Шымкент қаласындағы экспортқа бағытталған кәсіпорындарды аралап, қала тұрғындарымен және іскер қауыммен кездесу өткізді.
Осы жылдың 12 қыркүйегінде ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдәбеков жұмыс сапары аясында Шымкенттің жетекші экспортқа бағытталған кәсіпорындарын аралап, кәсіпкерлер мен қала тұрғындары мен кездесті.
«Барыс 2007» ЖШС-де ол макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдердің өндіріс процесімен және кең ассортиментімен танысты. Сондай-ақ қалаға азық-түлік жеткізетін кәсіпорынның көтерме-бөлу орталығының жұмысын аралап,көрді. Мұнда 400-ден астам жұмысшы бар, өнімі ішкі нарықпен қатар Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспортталады.
«Asia Trafo» ЖШС-де – Орталық Азиядағы қуаты25-тен 500 МВА-ға дейінгі күшті ктрансформаторларды шығаратын жалғыз зауыт. Вице- министрге кәсіпорынның өнім желісі мен HighVolt (Германия, Дрезден) сынақ стендтерімен жабдықталған бірегей жоғары вольтты зертханасы таныстырылды. Кәсіпорынның өнімдері сұранысқа ие және ТМД мен Шығыс Еуропа елдеріне экспортталады. Вице-министр кәсіпорынды биыл қазан айында Шымкентте өтетін бизнес-форумға шақырды. Оған Ауғанстаннан келген кәсіпкерлер қатысады.
«Wan Sheng Ceramic» ЖШС – жылына 10 млн м² керамикалық өнім шығаратын жаңа кәсіпорын. Кездесу барысында шикізаттың қымбаттығы, қойманың өнімге толып қалуы және Қытай мен Өзбекстаннан келетін сапасыз әрі арзан керамикалық тауардың кесірінен оны өткізу мәселелері орын алғаны талқыланды. Вице-министр бұл мәселелер бойынша ресми хат жолдауды ұсынып, тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қарастыруға уәде берді. Сондай-ақ зауыт басшылығына дайынөнімді экспорттау кезінде көлік шығындарын өтеу үшін «QazTrade» АҚ-қа жүгінуді ұсынды.
«Pioneer Grain Products» ЖШС – түрлі сорттағы бидай ұнын ірі көлемде өндіретін және экспорттайтын кәсіпорын. Өнімдері Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресейге жеткізіледі. Кәсіпорында«Pioner» кондитерлік фабрикасы жұмыс істейді, ол Қазақстанға, сондай-ақ Моңғолия мен Қытайға өнім жеткізеді. Сонымен қатар кәсіпорында ішкі нарыққа арналған бөлме аралық есіктердің жаппай өндірісі жолға қойылған.
Жалпы Шымкент қаласының кәсіпорындары мемлекеттік қолдау шараларын белсенді түрде пайдалануда. Олардың қатарында «Asia Trafo», «Pioneer Grain Products», «Барыс 2007» ЖШС бар. Айдар Әбілдәбеков өңірдің экспорттық әлеуетін қолдаудың маңыздылығын атап өтті. 2020–2025 жылдары «QazTrade» СРТП АҚ ондаған шымкенттік компанияға қолдау көрсетті:
* 35 компания экспорттық акселерациядан өтті,
* 27 компания сыртқы нарыққа жылжуға кеткен шығындарды өтеді,
* 36 компания халықаралық сауда-экономикалық миссияларға қатысты,
* 19 компания Alibaba.com платформасында «GoldSupplier» мәртебесін алды.
Өндірістік нысандарға бару қаланың өнеркәсіптік дамуының қарқынын және жергіліктік әсіпорындардың ел экономикасына қосып жатқанүлесін айқын көрсетіп берді.
Шымкент тұрғындары мен кәсіпкерлерімен кездесу барысында вице-министр сауда саласының негізгі көрсеткіштерін ұсынды. 2025 жылдың 1 тамыздағы жағдай бойынша елде 827,9 мың бизнес субъектісі сауда саласында жұмыс істеп тұр (35,1%). Сауда 1,5 млн адамды жұмыспен қамтып, (16,6%) бірінші орында тұр. ЖІӨ құрылымындағы үлесі 16,4% болып, экономика салалары арасында екінші орынға шыққан.
2025 жылдың жеті айында саудаға салынған инвестиция көлемі 522,5 млрд теңгені құрап, өткенжылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ғаартты. Ішкі тауар айналымы 13,9%-ға өсіп, 37,5 трлн теңгеге жетті, оның ішінде көтерме сауда – 25,2 трлн теңге, бөлшек сауда – 12,3 трлн теңге. Шымкент қаласы бойынша қаңтар–шілде айларында ішкі тауар айналымы 1 807,7 млрд теңгені құрады.
Кәсіпкерлермен кездесуде шекарада жүктердің кешігуі, РФ аумағындағы қойма жалдау шығындарын өтеу (электрондық сауда аясында), ветеринарлық құжаттарды рәсімдеудегі қиындықтар, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін сауда нысандарының қолжетімділігі сияқты мәселелер көтерілді.
Араласудың басты тақырыптарының бірі – бал экспорты болды. Өндіруші Руслан Дормұхамедов жылына 100 тоннаға дейін өнім өндіру әлеуеті бар екенін айтты. Вице-министр оны қараша айында Шанхайда өтетін халықаралық көрмеге қатысуға және «QazTrade» орталығы әзірлеп жатқан бірыңғай «зонтты бренд» аясында басқаө ндірушілермен бірігуге шақырды.
«Шымкенттің экспорттық және сауда әлеуеті артып келеді. Министрлік бизнесті одан әрі дамытуға және қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтағы позициясын нығайтуға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді вице-министр.