Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2025 жылғы 24 маусымдағы № 202-НҚ, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 1 шілдедегі № 203, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 2 шілдедегі № 213 және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 25 маусымдағы № 320/НҚ бірлескен бұйрығына «Әлеуметтік мемлекеттік атаулы көмек алушыларға цифрлық азық-түлік ваучерлерін ұсыну жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы» өзгерістер енгізу туралы» (бұдан әрі – Пилоттық жоба) интернет-портал «Ашық НҚА»-ға орналастырылғанын хабарлайды.
Өзгерістер пилоттық жобаның географиясын кеңейтуді көздейді: Ақмола облысының Ақкөл қаласына қосымша Көкшетау және Павлодар қалалары енгізіледі, сондай-ақ оның іске асыру мерзімі нақтыланады. Пилоттық жоба 2025 жылғы 29 қыркүйектен 29 желтоқсанға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.
Жобаны іске асыру атаулы әлеуметтік көмек алушыларын кеңірек қамтуды, көрсетілетін қолдаудың атаулылығын және тиімділігін арттыруды, мемлекеттік органдар мен сауда объектілерінің өзара іс-қимыл тетіктерін пысықтауды, сондай-ақ цифрлық азық-түлік ваучерлерін еліміздің басқа өңірлеріне ауқымдауға негіз дайындауды қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік осал азаматтар үшін цифрлық азық-түлік ваучерлерін енгізу жөніндегі бірлескен бұйрықтың жобасын орналастыру туралы.
Жобаны талқылау «Ашық НҚА» интернет-порталында ағымдағы жылдың 24 қыркүйегіне дейін жалғасады.
Сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15592112