2025 жылғы 10 қыркүйекте Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі заң департаментімен бірлесіп «Қоғам алдында сөйлеу, БАҚ, әлеуметтік желілер және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық мәдениетін нығайту, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және цифрлық кеңістікте өзара әрекеттесу кезінде олардың жауапкершілігін арттыру.
Семинар барысында мына мәселелерге ерекше назар аударылды:
- Қоғам алдында сөйлеу әдебі және цифрлық мәдениет. Қатысушыларға интернеттегі әңгімелерде, ресми сөз сөйлеулерде және әлеуметтік желілердегі жарияланымдарда сыпайы әрі дұрыс үн қолдану ұсынылды. Бұл – цифрлық этиканың негізгі талабы.
- Лудоманияға қарсы іс-қимыл. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуы және ойынханаларға баруы жол берілмейтіні атап өтілді.
- Дискриминацияға жол бермеу. Әйелдерге қатысты кез келген кемсіту түрлеріне қатаң тыйым салынатынына және барлық азаматтарға жынысына, әлеуметтік жағдайына қарамастан құрметпен қарау қажеттігіне назар аударылды.
- Ар-ождан және діни сенім бостандығы. Қызметкерлерді немесе азаматтарды діни ұйымдардың жұмысына қатысуға мәжбүрлеу – этикалық нормалар мен заңнамаға қайшы келетін өрескел бұзушылық екендігі ерекше атап өтілді.
Семинар қызметтік іссапарларда, тексерулер жүргізу кезінде және қызметтен тыс уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу жөніндегі практикалық мәселелерді талқылаумен, сондай-ақ заңнамада көзделген шектеулер мен тыйымдарды түсіндірумен аяқталды.