Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай сауда қызметкерлері марапатталды

Конституцияның 30 жылдық мерейтойына орай сауда қызметкерлері марапатталды

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Конституцияның 30 жылдығына орай сауда саласында табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды марапаттады. Министрліктің 8 қызметкері Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен “Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл” мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Арман Шаққалиев Қазақстанның техникалық реттеу және метрология жүйесіне қатысушылар ассоциациясының атқарушы директоры Дмитрий Владимирович Савелонкаға “Құрметті стандарттаушы” төсбелгісін тақты.

ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысы Хабиев Нұрбек Ермекович пен «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Ақмола облысы филиалының директоры Даньяров Самат Қаирбекович “Құрметті мертолог” төсбелгісімен марапатталды.

Министрліктің қызметкерлері Мадалиев Бақытжан Нұрханович, Оразбеков Мақсат Сабыржанұлы, Тойлыбек Сәлімжан Берікболұлы, Серіков Бидәулет Серікұлы, Досова Гүлнұр Төлегеновна, Есімбекова Сабина Ержановна “Еңбек сіңірген сауда қызметкері” төсбелгісімен марапатталды.

Министрліктің мәдени және қоғамдық қызметіне белсенді қатысқаны үшін қызметкерлерінің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев өзге қызметкерлерге “Құрмет грамотасы” табыстады.