Мәртебелі Иордания Хашимит Корольдігінің Королінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі (ҚР МТИ) мен Иорданияның Стандарттау және метрология ұйымы (JSMO) арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Құжат стандарттау, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Меморандумға қол қою екі ел арасындағы тәжірибе алмасуға, тәсілдерді үйлестіруге, сауда-экономикалық байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Келісім бизнесті қолдауға, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және өзара сауданы дамытуға жәрдемдесуге бағытталған екіжақты ынтымақтастықты тереңдетудегі маңызды қадам болды.