«Бұл заң мен тәртіп жолы» - Сауда министрлігі Шымкент базарларындағы жаңғырту жұмыстарын бағалады

«Бұл заң мен тәртіп жолы» - Сауда министрлігі Шымкент  базарларындағы  жаңғырту жұмыстарын бағалады

Шымкент қаласында 19 сауда базары жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігінің базарларды жаңғырту жөніндегі Жол картасына қаладағы
«Авто-Нұр», «Алаш», «Орталық Қырғы базар», «Самал», «Жабық базар», «Назым апа», «Жаңа шахар» енген. Суда базарларының жартысы былтыр жаңғырту жұмыстарын аяқтаса,  Авто-Нұр», «Орталық қырғы» базар, «Назым апа», «Жабық базары» жаңғырту жұмыстарын биылғы жылдың соңына дейін аяқтауы тиіс. Бүгін ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жаутікбаев базарларды жаңғырту жұмысын БАҚ өкілдеріне таныстырды.

Бүгінгі таңда «Авто-Нұр» базарын жаңғырту жұмыстары 60% аяқталған. Ескі ғимараттарды демонтаждау жұмыстары және жаңа павильонның қаңқасы мен ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Базардағы 3 ғимарат құрылысы толығымен аяқталды, 1 ғимараттың құрылысы және  киім-кешек павильонын қайта құрылымдау жұмыстары жүргізілуде.

«Орталық Қырғы» базарында да құрылыс жұмысының  60% аяқталған. Ішкі әрлеу, шатыр орнату жұмыстары және заңсыз тұрған сауда орындарының орнына жаңа павильон салу жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Базарда зергерлік бұйымдар, трикотаж бұйымдары павильоны және көкөніс павильонында модернизация жұмыстары аяқталған. Жаңадан жер асты көлік тұрағы құрылды. Киім павильондары толық модернизациядан өткізуі қажет.

«Назым апа» базарында сауда орындарын демонтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал «Жабық базарының» эскиз жобасы келісіліп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Сауда базарларын биылғы жылдың соңына дейін толықтай жаңғыртудан өткізу Үкіметтің ерекше базарында. Бұл заң мен тәртіптің жолы. Сауда министрлігі қажетті заңнаманы толықтай әзірледі. Енді заң аясында сауда нысандары тәртіпке келуі керек. Бұл бірінші кезекте бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Келер жылдан бастап модернизациядан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды»,  - деді ҚР СИМ Сауда комитеті төрағасының орынбасары Ернұр Жәутікбаев.

ҚР Сауда министрлігі 2029 жылға қарай заману сауда форматының үлесін 79 пайызға ұлғайтуды көздеп отыр. Қазір бұл көрсеткіш 31 пайызды құрайды. Сауда базарлары да заманауи форматқа, яғни өрт қауіпсіздік, санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай, салықтық түсімдердің ашықтығы үшін төлем карталарын қабылдайтын әрі тұтынушылар үшін арнайы автотұрақ алаңымен қамтылуы керек.