2025 жылғы 20 тамызда Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілі заң қызметі департаментімен бірлесіп «Қызметтік қатынастардағы және жұмыс уақытынан тыс мінез-құлық, мемлекеттік функцияларды орындауға үйлеспейтін қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.
Іс-шара барысында қызметтік әдепті сақтау, ұжымда сенімді атмосфера қалыптастыру және басшылардың үлгі көрсету маңыздылығы талқыланды. Еңбек тәртібін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды: жұмыс уақыты режимін қатаң орындау, кешікпеу, жұмыс күнін ерте аяқтамау және жұмыс уақытынан тыс тек ресми рұқсатпен ғана еңбек ету қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелердің ғимараттарында және арнайы бөлінбеген орындарда шылым шегуге тыйым салынатыны еске салынды. Бұл талап халық денсаулығын қорғауға ғана емес, мемлекеттік қызметтің беделін нығайтуға да бағытталған. Семинарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері де қаралды: мүдделер қақтығысын болдырмау, заңға құрметпен қарау және «нөлдік төзімділік» қағидасын ұстану.
Қорытындысында қатысушылар адал еңбек, қызметтік әдеп пен заңдылықты сақтау – қоғамның мемлекетке деген сенімінің негізгі кепілі екенін атап өтті.