Бұйрық жобасын жария талқылау туралы

Бұйрық жобасын жария талқылау туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша табылмаған сыйақыларға, болмаған залалдарға, мәлімделген бірақ реттелмеген залалдарға, болған бірақ мәлімделмеген залалдарға арналған сақтандыру резервтерінің мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрық жобасының орналастырылғаны жөнінде хабарлайды.

Аталған бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 7-бабы 1-тармағының 10-6) тармақшасын іске асыру мақсатында әзірленді. Жоба Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша табылмаған сыйақыларға, болмаған залалдарға, мәлімделген бірақ реттелмеген залалдарға, болған бірақ мәлімделмеген залалдарға арналған сақтандыру резервтерінің мөлшерінің Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы қорытынды ұсыну қағидаларын әзірлеу және бекітуге бағытталған. Қағидалар бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп дайындалған.

Жобаны іске асыру сақтандыру резервтерін қалыптастырудың сапасы мен толықтығына қосымша бақылау деңгейін қамтамасыз етеді, аудит, тексерулер мен есептілік кезінде резервтердің жеткіліктілігін бағалауға арналған заңды мәні бар құрал жасайды, сондай-ақ Экспорттық-кредиттік агенттік пен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды неғұрлым тиімді етуге ықпал етеді.

Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 14 тамыздан 29 тамызға дейін талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15575379).