Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын және орындайтын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша есептілікті ұсынудың тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін бекіту туралы» бұйрық жобасының орналастырылғаны жөнінде хабарлайды.
Аталған бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 7-бабы 1-тармағының 10-5) тармақшасына сәйкес әзірленді. Жобаның мақсаты – Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын және орындайтын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша есептілікті ұсынудың тізбесін, нысандарын, мерзімдері мен тәртібін әзірлеу және бекіту. Бұл ретте құжат қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен, салықтар мен бюджетке төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен, сондай-ақ салық саясаты саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша дайындалған.
Жобаны іске асыру Агенттік қызметіне мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға, жасалған және орындалған сақтандыру мен қайта сақтандыру шарттары туралы шынайы ақпаратты уақтылы алуға, сондай-ақ бейшикізаттық экспортты мемлекеттік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға ықпал етеді.
Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 14 тамыздан 29 тамызға дейін талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15575369).