Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің «Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, оларды есептеу әдістемесіне, құрылымына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрық жобасының орналастырылғаны жөнінде хабарлайды.
Аталған бұйрық жобасы Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 7-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасын іске асыру мақсатында, Экспорттық-кредиттік агенттік жасасатын сақтандыру, қайта сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру резервтерін қалыптастыруға, оларды есептеу әдістемесіне, құрылымына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту үшін, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша дайындалды.
Аталған актіні қабылдау және іске асыру сақтандыру жағдайлары бойынша міндеттемелерді орындауға резервтердің жеткіліктілігі қағидасын сақтауды қамтамасыз етеді, Агенттіктің қызметіне уәкілетті органдар тарапынан қадағалау функцияларын күшейтеді және Агенттіктің есептілігін салыстыруға әрі қаржылық тұрақтылығын жүйелі негізде бағалауға мүмкіндік беретін негіз қалыптастырады.
Жоба «Ашық НҚА» интернет-порталында 2025 жылғы 14 тамыздан 29 тамызға дейін талқылануда (сілтеме: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15575355).